RU
Министрлер Астана әкімі атанған Бақыт Сұлтанов туралы не ойлайды?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министрлер Астана әкімі атанған Бақыт Сұлтанов туралы не ойлайды?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық министрлер күні бүгін жаңа қызметке тағайындалған Бақыт Сұлтанов туралы өз ойын білдірді. Олардың көпшілігі үшін бұрынғы Қаржы министрінің Астана әкімі атануы күтпеген жағдай болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бұл тағайындалу ол үшін жаңа белес болары анық. Мен бұны екі мәрте бұрынғы әкім ретінде сенімді түрде айта аламын" , - деп мәлімдеді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Бозымбаев 2009 және 2013 жыл аралығында Жамбыл облысының әкімі болса, 2016 жылы Павлодар облысын басқарған болатын.

Бақыт Сұлтановтың елорда әкімі болып тағайындалуы Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов үшін күтпеген жағдай болған. Ол жаңа әкімді керемет басқарушы санайтынын айтты.

Білім министрі Ерлан Сағадиев те Астананың жаңа әкімін жақсы адам әрі кәсіби басқарушы деп есептейтіні белгілі болды.

Айта кетейік, президент әкімшілгі басшысы қызметіне тағайындалған Әсет Исикешевтің орнына елорда әкімі қызметіне Бақыт Сұлтанов келген болатын. Ол 2013 жылдан бастап осы күнге дейін Қаржы министрі болып келді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel