RU
Головкин-Альварес: Tанымал сарапшы жекпе-жекте кімнің жеңетініне болжам жасады
Жаңалықтар Әлемде

Головкин-Альварес: Tанымал сарапшы жекпе-жекте кімнің жеңетініне болжам жасады

Рассказать Вконтакте

The Ring басылымының бас редакторы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін Головкин мен Канело жекпе-жегінде кімнің жеңетініне болжам жасады. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Instagram / gggboxing

Фото: Instagram / gggboxing

Дуглас Фишердің пікірінше, бүкіл әлем назарын аударған жекпе-жекте Қазақстан спортшысы басымдыққа ие болуы мүмкін.

"Меніңше, біз алғашқы жекпе-жектің қайталауын көреміз, бірақ "Канело" арқан жанында тұрғанда Головкин шабуылды тезірек бастап, көбірек тәуекелге барады. Альварес қарсы соққыларды қатты қабылдамас үшін шаршы алаңның ортасына жақындай түседі. GGG жақын раундтарда басымдығын күшейтіп, өзінің пайдасына ұпай жинайды. Болжам: көптеген төрешілердің шешімімен Головкиннің жеңісі", - дейді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel