RU
Алматыда мәнерлеп сырғанаушының әпкесін пышақтаған азамат іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда мәнерлеп сырғанаушының әпкесін пышақтаған азамат іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматыда бірнеше күн бұрын белгісіз біреу мәнерлеп сырғанаушы Элизавет Тұрсынбаеваның әпкесі Әйгерім Мақашеваны пышақтап кеткен еді. Бойжеткен қылмыскерден қашып, пәтер кіреберісіне тығылып үлгерген болатын. Жәбірленуші азаматтың түрін есінде сақтай алмаған. Ал қазір полицейлер мен арудың туыстары қылмыскерді жан ұшыра іздеп жатыр.

Фото: КТК/ видеодан кадр

Фото: КТК/ видеодан кадр

Әйгерім өзінің 31 арнаға берген сұхбатында бұл жағдай жұмыстан қайтқанда, үйден 100 метр алыс жерде орын алғанын айтқан.

Ару қараңғы көшеде келе жатқанда артынан белгісіз біреу келіпті. Ол Әйгерімді аяусыз ұрып, пышақтаған екен. Бір сәтте қыздың айғайынан қорыққан қылмыскер оқиға орнынан таса болып кетіпті. Алайда азамат арудан ештеңе ұрламаған екен.

Қан жоса болған Әйгерім үй есігіне әрең жетіпті. Ол шабуыл жасаған адамды біреу ұстап алды деп үміттенген екен.

"Мен терезеден біреу көре ме екен деп жан-жағыма қарай бердім. Өлтірсе де, бұл адамды тауып алатын шығар, тым болмаса бір адам көретін шығар деп ойладым" , - деді ол.

"Еуразия" бірінші арнасының хабарлауынша, бойжеткеннің туыстары тергеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтқан. Олар полицейлердің бұл іске немқұрайлы қарағанын, сондықтан қылмыскерді өздері іздеп жатқанын жеткізіпті.

Қазір қылмыскерді Әйгерімнің әкесі іздеуде. Ол қызына қастандық жасаған адамды табу үшін жеке тексеріс жұмыстарын да жүргізіп жатыр екен.

Ол баейнебақылаудан барлық видеоларды көріп, қылмыскердің шабуыл жасамай бұрын қайда болғанын анықтапты.

Дереккөз: 31 арна

КТК арнасының мәліметінше, Әйгерім өзіне пышақпен ұмтылған азаматтың түрін есіне сақтамапты. Қазір оған аудандағы адамдардың суреттерін көрсеткенмен, еш пайда болмай жатқан көрінеді.

"Мен оның спорттық киімде болғанын ғана білемін. Ол азиат, менен кішкене ұзын және қара торы болған" , - деп сипаттады бойжеткен.

Дереккөз: КТК

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel