RU
Қарағанды облысында экс-әкім тұрғындарға үй бергені үшін ақша алып отырған
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қарағанды облысында экс-әкім тұрғындарға үй бергені үшін ақша алып отырған

Рассказать Вконтакте

Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылының әкімі азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан 300 мың теңгеден 400 мың теігеге дейінгі сомада тегін тұрғын үйлерді бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: aif.ru

Көрнекі фото: aif.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, ол аталған қылмысты 2017 жылы Абай ауданында мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің бастығы болған кезде жасаған.

Басшы аудандағы бос пәтерлер туралы қызметтік ақпаратты алған соң үйге мұқтаж жандардан 300-400 мың теңге алып, тұрғын үй алып беруге уәде берген.

Алайда ол пәтерлерді жалдаудың келісімшартын заңды түрде даярлау мүмкіндігіне ие болмаған. Мамандардан да кеңес алмаған шенеунік тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мен жолаушылық тасу мөрін алып, өз жұмыс компьютерінде жалған келісімшарттар жасапты.

Экс-әкім 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін 10 адамға осындай қызмет ұсынған. Ал кейіннен шенеунік қызметінен жоғарылап, Ботақара ауылының әкімі болып тағайындалған екен.

Абай аудандық соты 33 жастағы экс-әкімді жалған құжаттарды даярлау мен алаяқтық ісінде кінәлі деп тапқан.

Шенеунік біршам тұлғаға материалды өтемақысын қайтарғандықтан сот оны калонияға жібермеу туралы шешім қабылдапты.

"Алаяқтақтық" ісі бойынша жазадан құтылған әкімді сот жалған құжаттар дайындағаны үшін бір жылдық пробациондық бақылаумен бас бостандығынан айырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel