RU
Хиджаб кигендерді жақтап, президентке үндеу жолдаған имам жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Әлемде

Хиджаб кигендерді жақтап, президентке үндеу жолдаған имам жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Ташкенттің Юнусабад ауданындағы "Омина" мешітінің имамы Фазлиддин Парпиев қызметінен босатылды. Ол бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа видеоүндеу жолдаған деп жазды centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хиджаб кигендерді жақтап, президентке жолдау жасаған имам жұмыстан қуылды

Фото: centralasian.org

Мұсылмандар діни басқармасының үкімінде имам Парпиев қызметтен Этика жөніндегі комитет шешімі бойынша қызметтен алынғаны айтылады. Әлеуметтік желіде тараған бұл үкім 8 қыркүйекте қабылданды.

Еске салайық, өткен аптада жұма намаз кезіндегі уағызда имам Парпиев сағал қойған ер азаматтарға, хиджаб киген әйелдерге қысым жасайтын құқыққорғау қызметкерлерін сынаған. Бұның алдында ол президентке видеоүндеу жариялаған.

Одан соң имам ӨМДБ өкілдері өзіне қысым көрсете бастағанын мәлімдеген.

Фазлиддин Парпиев Ташкенттегі "Омина" мешітіне бір ай бұрын имам боп сайланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
6
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel