RU
Павлодарда жартылай көмілген мәйіт елді шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда жартылай көмілген мәйіт елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Павлодарда тұрғындардың бірі марқұмның дұрыс жерленбегенін байқап қалып, ұялы телефонына түсіріп, желіге жүктеп жіберген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rus.postimees.ee

Фото: rus.postimees.ee

Туысының басына барған әйел жартылай көмілген қабірден ақ матаның шығып тұрғанын көргенде шошып қалған.

Анықталғандай, жақындары жоқ ер адамды көмуге кіріскен зират қызметкерлеріне сол жерде пайда болған аралар тап берген екен. Араға әбден таланған жұмысшылар мәйітті жартылай ғана көміп үлгеріп, әрең қашып құтылған.

Мұны растаған зират басшылары жәндіктер сабасына түсісімен, мәйітті қайта жерлеуге кірістік деп отыр.

"Осы саладағы 33 жылдық тәжірибемде мұндай жайтқа бірінші рет кезігіп отырмын. Мәйітті көмген жер астында ара ұясы болған сияқты. Үріккен жәндіктер жұмысшыларға тап берген. Қайта олар қатты зардап шекпеген", - дейді Анатолий Конвишер.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel