RU
Астанада оқушы қызды үйіне дейін қуып келген педофил бостандықта жүр
Жаңалықтар Қоғам

Астанада оқушы қызды үйіне дейін қуып келген педофил бостандықта жүр

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны Оксана Меньшикова 14 жастағы оқушы қызын педофил үйіне дейін қуып келгенін айтты. Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобына ол жергілікті полицейлер 10 күн өтсе де ешқандай шара қолданбай отыр деп шағымданды. Бұл туралы Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқушыны үйіне дейін қуып келген педофилге ешқандай шара қолданылмаған

Фото: facebook

Оқиға осыдан 10 күн бұрын болыпты. Белгісіз ересек адам мектептен үйге бет алған оқушының ізіне түскен.

"Қызыма «телефон нөміріңді бер. Сені ұнатып қалдым. Мамаң ештеңе білмейді. Қорықпа» деген. Қызым тез-тез жүріп подьезге дейін келген. Ішке кіріп, лифтімен көтерілмек болғанда әлгі педофил (басқалай айта алмай отырмын) есікті жаптырмаған. Қайта абырой болғанда, сол кезде көрші келіншек келе қалған", - деген Меньшикова полицияға сол күні арыз түсіргенін айтады.

Десе де құзырлы орындар камерадағы жазбаны алуға асығар емес.

"Арыз тастағаныма 10 күн болса да, полицейлер қылмыскерді іздеп жатқан жоқ. Оның түрі бейнебақылау камерасында анық көрініп тұр", - дейді Астана тұрғыны.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel