RU
Жаңа қызметке ауысқан Исекешов елордалықтарға алғыс айтты
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа қызметке ауысқан Исекешов елордалықтарға алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Президент әкімшілігіне басышы болып тағайындалған Астананың бұрынғы әкімі Әсет Исекешов елордалықтарға алғыс айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Исекешов

Әсет Исекешов. Фото: nur.kz

Жаңа қызметке ауысқан Әсет Өрентайұлы Facebook желісіндегі парақшасында арнайы жазба қалдырған.

"Құрметті достар, астаналықтар!

Сіздердің жылы тілектеріңіз бен екі жылдан астам уақыт бойы қаланы дамытуға белсенді атсалысқандарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын.

Сіздердің әрбір шағымдарыңыз, ұсыныстарыңыз бен сындарыңыз Астананы одан әрі көркейтіп, ыңғайлы етуге көмек берді.

Сіздерге береке тілеймін! Біздің елордамыз өркендей берсін!", - дейді ол өз жазбасында.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel