RU
"Исламға қайшы": Шекспир комедиясы үшін театр қызметкерлері ұсталды
Жаңалықтар Әлемде

"Исламға қайшы": Шекспир комедиясы үшін театр қызметкерлері ұсталды

Рассказать Вконтакте

Иранда Уильям Шекспирдің "Жазғы түндегі түс" деп аталатын шығармасын қойғаны үшін, театрдың екі қызметкері ұсталған. Билік қойылым Ислам Республикасының заңдарына қайшы келеді деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Иранда

Фото: www.centralasian.org

Сот шешіміне сәйкес, қоюшы-режиссер Марьям Каземи мен менеджер Саид Ассади ұсталған.

Олар жексенбі күні қойылымды интернет арқылы тікелей көрсеткеннен кейін, кешкісін қамауға алынған.

"Олардың әрқайсысынан 24 мың доллар кепілдік алынып, босатылды", - деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнеклипте сахнада билеп жатқан әртістерді көруге болады. Иран заңы гендерлік араласуға, сахнада әйелдердің билеуіне тыйым салады.

Айта кетерлігі, әйгілі ағылшын драматургының "Жазғы түндегі түс" деп аталатын шығармасы ең танымал қойылым. Ол әлемнің түкпір – түкпірінде қойылады.

Иран билігі ресми түрде батыс мәдениетін терістейді. Биыл шілде айында Мадеха Ходжабри есімді бойжеткен интернетке билеген бейнеклипін жариялағаны үшін қамауға алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel