RU
Жылқы іздеуге кетіп, оралмаған ақтөбелік азаматтар байланысқа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Жылқы іздеуге кетіп, оралмаған ақтөбелік азаматтар байланысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде екі жыл бұрын жоғалып кеткен 33 бас жылқыны іздеуге шығып, полиция іздеу салған ағайынды Қарақовтар табылды. Олар туыстарына телефон шалып, амандығын білдірген деп хабарлайды Аktobenews-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жылқы іздеуге кетіп, оралмаған ақтөбелік азаматтар байланысқа шықты

Фотоколлаж: NUR.KZ

Естеріңзге сала кетсек, ақтөбеліктер 1 қыркүйек күні үйден шығып, хабарсыз кеткен ағайынды Қарақовтар мен Шалқар тұрғындары туралы жан-жаққа ақпарат таратқан еді.

Өткен тәулікте кешке жылқы іздеуге шыққан 6 адамның аман-есен екені мәлім болды.

"Өздерін әлі көргеніміз жоқ. Алыстан келе жатырмыз деп айтты.

Іздеуге қатысқандардың барлығына рақметімізді айтамыз. Бізге қайдан табылғаны емес, аман болғаны маңызды.

Өздері де байланысқа шығып, кейін телефондары сөніп тұрды. Шамасы байланыс аясы нашар болған сияқты", — деді Қарақовтардың туыстары.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel