RU
Тату салдырып алған Кәмшат Жолдыбаева жұртты шошытты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тату салдырып алған Кәмшат Жолдыбаева жұртты шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әншінің тойда отырған видеосы оның жасырған құпиясын әшкерелеп қойды. Көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваның арқасындағы татуды көріп, шоу-бизнес өкілін аяусыз сынап тастады. Желі оқырмандары әншінің бұл қылығын ерсі санап, оған қатысты жағымсыз пікірлерін жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаеваның тойда отырып түскен видеосында оқырмандар әншінің арқасындағы татуды байқап қойды.

Желі қолданушылар денесіне гүлдің сүретін бастырып алған әртісті сынға алып, оның қылығын сөгіп тастады.

Отандық әншінің татуы көрініп қалған видео Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.

Желідегілер қазақстандық шоу-бизнес жұлдызының әрекетіне қатысты қызу талқы ұйымдастырып, оны аяусыз сынаған.

"Мұсылман емессің бе? Қайдағы тату?"
"Ар-ұят дегенді біледі ме екен. Татуды ешбір мұсылман қыз салдырмайды."
"Дым ұяты жоқ екен. Кәмшат әбден бетімен кетті Баянға еліктеймін деп"
"Алла аманат етіп берген денеге тату салдыруға болмайды ғой"
"Болды тоқтасаңшы Кәмшат. Жабық киінетін күнің болмайтын шығар. Енді мына тату", - деп жазды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel