RU
Алматыда жаяу жүргінші өзін қаққан көліктің артқы терезесінен бір шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жаяу жүргінші өзін қаққан көліктің артқы терезесінен бір шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда 12 қыркүйекке қараған түні жаяу жүргінші азамат жантүршігерлік жағдайда қаза тапты. Оны BMW көлігі қағып өлтірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда жаяу жүргінші өзін қаққан көліктің артқы терезесінен бір-ақ шықты (фото)

Оқиға орнынан фото: sputniknews.kz

Қайғылы оқиға Рысқұлов даңғылы бойында Аврора көшесіне жете бергенде болған.

Куәгерлердің сөзінше, ер адам жол бойымен келе жатып, көліктерге тас лақтырып жүріпті.

Кенет жолдың ортасына шығып кеткен кезде Рысқұлов даңғылымен BMW көлігі қатты келе жатқан. Жүргізуші бар жылдамдығымен жаяу жүргіншіні қағып кетіпті.

Қатты соққыдан ер адам көліктің ішіне кіріп, артқы терезесінен бір-ақ шыққан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқан ер адам 1980 жылы туған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel