RU
Көптен бері бой көрсетпей кеткен Айгүл Мүкей эфирге қайта оралды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Көптен бері бой көрсетпей кеткен Айгүл Мүкей эфирге қайта оралды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзінің басты қызметінен бірнеше жылға алшақтап кеткен отандық тележүргізуші енді тікелей эфирді қайта тізгіндемек. Біраз уақыт бойы жүргізушілікті ысырып қойған Айгүл Мүкей өз көрерменімен қауышып, көгілдір экранға оралғанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы тележүргізушінің өзі Instagram парақшасы арқылы мәлімдеген.

Біраз уақыт бойы "Ел арна" телеарнасының басшылығы мен "ЭКСПО-2017" көрмесінің баспасөз қызметінің тізгінінде болған Айгүл Мүкей түбегейлі жүргізушілікке оралған.

Қалың көрерменіне көгілдір экран арқылы танылған журналист өзінің жаны сүйетін қызметіне қайта бет алды.

Ол енді "Хабар" арнасындағы "Давайте говорить" бағдарламасын жүргізетін болады.

Тележүргізушінің желідегі оқырмандары мен жұлдызды құрбылары бұл хабарды жылы қарсы алып, оның тікелей эфирге қайта оралғанына қатты қуанған.

"Жарқ етіп қайта шықтыңыз. Тамаша, қуаныштымыз. Тек қана алға!"
"Құтты болсын, Айгуля! Жарайсың. Бәріміз қуанып жатырқ"
"Бағдарламаңыздың қозғап отырған тақырыбы өте дұрыс әрі маңызды. Қайта оралуыңызбен!"
"Әйтеуір көптен күткеніміз эфирге оралды. Дикциясы ең керемет жүргізуші іске кірісті"
"Мықтысыз сөз жоқ. Кәсібилігіңізге тәнтімін",- деп жазды оқырмандар.

Мүкейдің жүргізушілікке қайта оралғаны туралы жаңалыққа оның Гүлнұр Оразымбетова, Асхат Садырбай іспетті әріптестері мен Алуа Қонарова бастаған жұлдызды достары пікір білдірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel