RU
"Бұл менің тамаша мүмкіндігім": Головкин жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Спорт

"Бұл менің тамаша мүмкіндігім": Головкин жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: twitter.com/championat

Фото: twitter.com/championat

Қазақстандық спортшының айтуынша, мексикандықпен алғашқы кездесуі оған көп нәрсені ұғынуға көмектескен. Сондықтан GGG осы жолы басқаша әрекет етуді жоспарлап отыр.

Головкин өткен жолғы жекпе-жекте төрешілердің шешіміне қарамастан, өзінің "Канелодан" басым түскеніне сенімді. Енді боксшы жанкүйерлеріне 15 қыркүйек күні тамаша ойын көрсетуге уәде етті.

"Мен көрермендерге Big Drama Show сыйлағым келеді, бұл менің тамаша мүмкіндігім. Бастысы, екінші жекпе-жек тарих үшін, жалпы бокс үшін , жанкүйерлер үшін және рекордтық нәтиже үшін өтеді - мен оны жалғастырғым келеді", - дейді GGG.

Сондай-ақ спортшы осы жолғы төрешілердің әділ шешім шығаратынына үміт артып отырғанын жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel