RU
Алматы мен Ташкент арасына тұңғыш рет тұрақты автобус рейсі ашылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы мен Ташкент арасына тұңғыш рет тұрақты автобус рейсі ашылды

Рассказать Вконтакте

Алматы маңынан Өзбекстан мен Қарақалпақстан республикаларына қатынайтын халықаралық автобус рейстері ашылды. Жолаушылардың заңды түрде барып-келуіне алаңдаған Өзбекстан тарапы ұсынысты өздері жасаған екен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматы мен Ташкент арасында

Алматы-Ташкент автобусы. Фото: NewTimes.kz

Енді жолаушылар арнайы билет алып, техникалық тексеруден өткен автобустармен тәулігіне төрт уақыт жолға шыға алады.

Алматыдан Ташкентке дейін сапар уақыты - 14 сағат. Бұл 17 жыл бұрын жабылып қалған бағыт. Сондықтан жолаушылар осы рейсті ұзақ күтіпті.

Себебі Нүкіс пен Ташкент қалаларынан Алматыға келетін адам көп. Ал жыл соңына дейін Моңғолия мен Тәжікстанға баратын автобус бағыттары ашылады.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel