RU
Бейбіт Қорған ұлының бесік тойын дүркіретіп атап өтті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бейбіт Қорған ұлының бесік тойын дүркіретіп атап өтті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші балаларына арнап дүркіретіп той өткізді. Бір баласына тілашар, бір перзентіне бесік той жасауды ұйғарған Бейбіт Қорғанның қуанышына ортақтасып отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдыздары келді. Мерекелік шара танымал тұлғаларға лық толы болған деп жазады NUR.KZ.

Кешелі бері ғаламтор кеңістігін Бейбіт Қорғанның қуанышынан түсірілген видео мен суреттер жаулады. Үшінші сәбилі болған отандық әншінің дүркірете өткізген тойына қазақстандық жұлдыздардың барлығы ағылып келген.

Шоу-бизнестің жарқын тұлғалары тілашар мен бесік той жасаған әріптесінің қуанышына ортақтасып, тойға игі тілектері мен ән-шашуларын ала келген.

Астана төрінде дүркірете той өткізген Бейбітті құттықтап келген жұлдызды қонақтар арасында Жан Мұқанов, Роза Әлқожа, Айгүл Мүкей, Асхат Садырбай, Қайрат Әділгерей, Айқын, Айнұр Тұрсынбаева, Гүлнәз Әлімгерей және тағы да басқалар бой көрсетті.

Отандық шоу-бизнес қаймақтары әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, думанды тойдағы қызықтарын өз оқырмандарымен бөлісіп жатты. Олар мерекелік шарада түсірілген фото және видеоларды өзара жарысып жүтеген.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Қорғанның үшінші сәбилі болғанын хабарлаған болатынбыз. Отандық танымал әншінің екі ұлы мен бір қызы бар. Әртіс қызының тілашары мен жақында дүние есігін ашқан ұлының бесік тойын бірге тойлап өткізуді жөн санаған.

Бейбіт Қорған қалың көпшілікке "От от жанарың", "Шоқ қыздар" сынды хит әндерімен танылды. Алайда, соңғы кездері әнші сахнада бой көрсетпей кеткен еді.

Еске салсақ, Бейбіт 2000 жылы "Жас Қанат", "Азия дауысы" секілді байқауларға қатысып, ел көзіне көріне бастаған.

Әнші 1981 жылы 17 қыркүйек күні Атырау облысындағы Махамбет ауданы, Береке ауылында өмірге келген. Дарынды отбасында тәрбиеленген әнші жастайынын ән өнеріне үлкен қызығушылық танытқан. Осылайша, ол жанұялық ансамбльде өнер көрсетіп, әншілік қабілетін мектеп қабырғасында жүріп те, сынаумен болған.

Кейіннен ол Алматыға келіп, көптеген өнерпаздардың алма-матеріне айналған "Гүлдер" ансамблінің құрамында көптеген жылдар бойы ән айтады.

Анасынан ерте айырылған әнші өзінің болашақ жарының бойынан да анасының бейнесін іздегенін жасырмайды. Қазіргі жарын бір көргеннен ұнатып, сұлулығына тәнті болған әнші оны әлі күнге дейін қызғанатынын жасырмады. "Хабар" арнасының "Бенефис-шоу" бағдарламасына келіп, қонақ болған әнші әлі күнге дейін жұбайын қызғанатынын және оны көпшілікке көрсеткісі келмейтінін ашық айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel