RU
БҚО-да полиция қызметкері бөлімшеден тапанша ұрлап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да полиция қызметкері бөлімшеден тапанша ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысындағы Тайпақ ауылында полиция бөлімшесінің қызметкері өз бастығына ор қазу үшін Макаров жауынгерлік тапаншасын травматикалық тапаншаға алмастырып қойған. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: goodfon.ru

Көрнекі фото: goodfon.ru

Дәулет Бисенғалиев табельдік тапаншаны ұрлап, орнына травматикалық қаруды қойған. Осылайша азамат Тайпақ полиция бөлімінің бастығы Рафаэль Бикеевтің жұмысында қолайсыздық туындатпақ болған.

Полиция қызметкерлері ұзақ уақыттан бері тіл табыса алмай, Бисенғалиев заңға қайшы әрекетімен бұл іске нүкте қоюды ұйғарады.

Тапаншаның жоғалғаны мәлім болғанда, тіпті еш кінәсі жоқ қызметкерлер де жазаға тартылған. Алты полиция қызметкері осы мәселеге байланысты жұмысынан босаған. Олардың қатарында Дәулет Бисенғалиев те бар болып шықты.

Қазір жұмыстан шығарылған қызметкерлер сотқа арызын дайындап, қызметінен әділетсіз түрде кеткендерін дәлелдегісі келеді. Олар әсіресе, тәртіптік құқық бұзушылықтарға жол берген Бикееті тиісті жазасын алуы керек деп санайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel