RU
Қазақ полковнигі ұшақта жағдайы нашарлаған келіншекті құтқарып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қазақ полковнигі ұшақта жағдайы нашарлаған келіншекті құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Ұлтық ұланы полковнигі ұшақта клиникалық өлімге душар болған азаматшаны құтқарып қалды. Бұл туралы Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Оқиға Астанадан Дубайға ұшып бара жатқан бортта болған.

Полковник Серік Омарбаевтың айтуынша, ұшақ әуеде екі сағат болған кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезіне бастаған.

"Түн болғандықтан ол кезде барлығы ұйықтап жатты. Мен көмекке шақырған дауысты естіп, келіншекке жүгіріп барсам, ол клиникалық өлімге душар болып қалыпты.

Қуанышымызға орай, бортта алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті заттар бар болып шықты. Біз жарты сағат көлемінде оған көмек көрсеттік.

Дубайға қонған кезде әйел есін жинап алды. Біз оны әуежайда күтіп алған кардиологиялық топқа жөнелттік", - деді медициналық қызмет полковнигі.

Ұшақтағы аумақты орын мен қажетті жағдайдың жоқтығына қарамастан офицер өкпеге жасанды желдету, ал жүрекке массаж жасаған.

"Мұндай жағдайда алғашқы көмек көрсету біз үшін міндет деп ойлаймын. Аталған оқиға менің өмірімде алғашқы рет орын алып тұр. Мен оның жақсы болуы үшін өзімнің бар білімім мен күшімді салдым", - деді Серік Сапанұлы.

Азаматшаны тексерістен өткізген дәрігерлер одан туылғаннан бастап пайда болған жүрек ақауын анықтаған. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал келіншек алғыс есебінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына хат жолдапты.

"Мен Ұлттық ұлан дәрігері Омарбаев Серік Сапанұлына үлкен алғысымды білдіремін! Астанадан Дубайға ұшып бара жатқанда клиникалық өлімге шалдықтым. Сол кезде осы алтын адам мені аман алып қалды. Ол мейірімді, қайырымды дәрігер және өз ісінің маманы. Мен оған бақыт пен табыс тілеймін!", -деді Наталья Попова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel