RU
Мектепке барғысы келмеген оқушы әжесін пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Мектепке барғысы келмеген оқушы әжесін пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Старый Оскол қаласында жасөспірім бала мектеп барғысы келмегендіктен, әжесіне пышақ сұғып мерт қылған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: novoye-vremya.com

Көрнекі фото: novoye-vremya.com

Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, жасөспірім бірнеше күн бойы әжесімен жанжалдасып, сабаққа қатыспай жүрген.

7 қыркүйек күні әйел немересін тағы да ұрыса бастайды. Өзіне сын айта берген әжесін жақтырмаған бала асүйдегі пышақты алып, қарияға бірнеше рет сұғып алған. Нәтижесінле ауыр жарақаттар салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмады.

Өз ісінен шошынып қалған жасөспірім пәтерінде мәйітпен бірге тұра береді. Бірнеше күннен кейін оның анасы демалыстан үйіне оралып, мән-жайды білген соң полицияға хабар берген. Оқушы қазір қамауда отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
9
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel