RU
Баян Алагөзова ата-анасының алтын тойында әпкелерімен қосыла ән салды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова ата-анасының алтын тойында әпкелерімен қосыла ән салды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер Алматы төрінде ата-анасының отасқанына 50 жыл толуына орай дүбірлі той жасады. Баян Алагөзова әке-шешсінің алтын тойын дүркіретіп өткізіп, оған отандық шоу-бизнес өкілдерін де шақырған. Продюсердің қуанышына жиылған көпшіліктің жартысынан көбі кілең жұлдыздар болған деп жазады NUR.KZ.

Отандық шоу-бизнесте өзіндік орын бар Баян Алагөзова мен Бағым Мұхитденова ата-аналарының отасқанына 50 жыл тоуына орай дүркіретіп той өткізген. Танымал продюсердің қуанышына барша отандық жұлдыздар жиылған.

Қазақстандық шоу-бизнес әншілері мен еңбек сіңірген әртістері Алагөзованың ата-анасын құттықтай арнайы келген. Олар өзінің Instagram парақшалары арқылы думанды тойда түсірілген фото және видео жазбаларымен белсенді түрде бөліскен.

Аша Матай да атасы мен апасының алтын тойында ерекше тосын-сый жасап, көпшілікті таңғалдырған. Немерелер тобы бірігіп дүбірлі тойға арнап керемет шоу ұйымдастырған.

Мұхитденовтар отбасының қуанышына Мақпал Жүнісова, Толқын Зәбирова, Айгүл Иманбаева, Азамат Сатыбалды, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Нұржан Тәжікенов, Арман ДүйсеновАйда Кауменова, Алау тобы сынды жұлдызды қонақтар келді. Олар құр қол келмей, өз ән-шашуын да жаудырған.

Оған қоса, ата-анасының бірдей үш қызы да оларға ән тартуын арнаған. Батес, Баян және Бағым өз әке-шешесінің құрметіне алғаш рет трио болып ән салып берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
3
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel