RU
Германияда тұратын қазақ қызы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар Спорт

Германияда тұратын қазақ қызы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

Германияда тұратын Ясмин Қарабазар есімді ару кикбоксинг пен муайтайдан Еуропа және Германия чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрінді. Бойжеткен биыл Киевте өткен әлем біріншілігінде де чемпион атанған деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Фото: azattyq.org/ Жеке мұрағаттан

Фото: azattyq.org/ Жеке мұрағаттан

Мюнхен қаласында өмір сүретін бойжеткен спортқа 14 жасында келгенін айтады. Ол 2017 жылы муайтайдан Еуропа чемпонатында жеңіске жеткен екен.

Сол сайыста Ясминге Қазақстан туын алып шығуға рұқсат беріліпті.

Ару спортпен бірге жұмыс та істеп үлгереді. Ол Мюнхендегі балабақшалардың бірінде тәрбиеші, кикбоксингтен жасөспірімдерді жаттықтырушы қызметтерін атқаруда.

Фото: azattyq.org/ Жеке мұрағаттан

Фото: azattyq.org/ Жеке мұрағаттан

Германияда қазақ жастарының спортқа қызығушылығы төмен екенін айтқан ол отанына келгісі келетінін жасырмады.

"Болашақта Қазақстанға барсам деп те армандаймын. Туыстарымның көбі Алматы жақта тұрады. Қазақстанда өтетін спорт жарыстарына қатысып көрмедім. Жақында Германиядағы Қазақстан елшілігіне барып, жарысқа қатысқым келетінін айттым. Олар "Қазақстанға хат жібердік" деді. Қазір Қазақстаннан шақырту күтіп жүрмін", - деді ару.
Фото: azattyq.org/ Жеке мұрағаттан

Фото: azattyq.org/ Жеке мұрағаттан

Ясминнің анасы Айша Қарабазардың айтуынша, олардың аталары Қызылорададан болған. Ал жанұяның Германияға қоныс аударғанына 40 жылдан асып барады екен.

"Қыз баласың ғой. Саған спорт қол емес, оқы" дедік. Бірақ "спортшы боламын" деп күш бермеді. Өзі тұрып, өзі жығылып, аяғында спортшы болды. Оқуын да жақсы оқыды. Жұмысын да істеп жүр. Ендігі бір арманы - Қазақстанға барып қайту", - деді Ясминнің анасы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel