Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диана ханшайымның бұрынғы көңілдесі обыр ауруынан көз жұмды (фото)

Опубликовано:

Диана ханшайымның бұрынғы көңілдесі, Сорбонна университетінің түлегі Оливер Хоар 73 жасында обыр ауруынан көз жұмды. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: express.co.uk
Фото: express.co.uk: UGC

Көпшілік өнер зерттеушісі Оливер Хоар мен Диана ханшайымның арасында ғашықтық сезімі болғанын әлі күнге дейін айтады. Әлемге аты әйгілі ханым 1992 жылы әкесі Спенсер граф көз жұмғаннан кейін Оливер Хоармен кездесе бастайды.

Фото: inform-ua.info
Фото: inform-ua.info: UGC

Диана ханшайым құрбысы Боукерге шынайы сезімдері туралы ашылып, Оливермен бірге болу үшін Италияға кеткісі келетінін де айтқан көрінеді. Алайда Оливердің жары мен үш баласы болғандықтан, ол отбасын тастап кеткісі келмепті.

Фото: newsroyal.ru
Фото: newsroyal.ru: UGC

Кейнінірек, 1994 жылы Хоар корольдік мүшесімен қарым-қатынасын үзгісі келеді. Осыдан кейін Диана ханшайым оның үйіне қайта-қайта қоңырау шалып, тыныштығын бұзады. Хоардың әйелі ашуланып, оны полицияға арыздануға мәжбүр еткен. Тәртіп сақшылары қоңыраулар Кенсингтон сарайынан келіп түскенін анықтаған соң, азамат арызын қайтып алған.

Айта кету керек, Оливер Хоардың өзі ешқашан ресми түрде Диана ханшайыммен қарым-қатынасы туралы ашып айтпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1752216-diana-hansajymny-bryngy-kildesi-obyr-auruynan-kz-zmdy-foto/

pixel