RU
Татарстан президенті оралдық бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Татарстан президенті оралдық бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Татарстан президенті Рустам Минниханов оралдық бүлдіршіннің тұсауын кесті. Татар диаспорасы ұйымдастырған сабантойға қонақ болған Минниханов Оралға Қала күні қарсаңында келген деп жазады Экспресс К газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Татарстан президенті оралдық бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Фото: Экспресс К

Татарстан басшысы Оралға жиі келіп тұрады. Бұл жолы ол Қала күні қарсаңында татар диаспорасы ұйымдастырған сабантойға арнайы келіпті. Татарстан президентінің бейресми сапары жергілікті мешіттен басталған. Миннихановпен бірге мешітке БҚО әкімі Алтай Көлгінов те барыпты.

Қаладағы көрікті жерлерді аралап болған соң, ол сабантойдың қызықтарын елмен бірге тамашалады.

"Сіздермен бірге осындай керемет мерекені қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Кездесудің Достық үйінде өтіп жатқаны да қуантарлық жайт. Себебі қазақ пен татар халқы бір-біріне етен жақын, бауырлас халық", - деді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel