RU
Мың доллар, үйлер мен пәтер: Илья Ильин қанша мүлкі барын ашық айтты
Жаңалықтар Қоғам

Мың доллар, үйлер мен пәтер: Илья Ильин қанша мүлкі барын ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Илья Ильин спорт додаларындағы жеңісі үшін қанша миллион алғанын, қанша айлық алатынын және иелігінде қанша мүлкі барын айтып, ашық сұхбат берді. Бұл туралы Sports True Youtube-арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: instagram.com/ilyailyinforever және livetotravel.ru

Фото: instagram.com/ilyailyinforever және livetotravel.ru

"Пекинде миллион доллар, Лондонда екі миллион долларға жуық ақша алдың дейді. Ал қазіргі қаржылық жағдайың қалай?", - деп сұрады журналист Ильиннен.

Ал спортшы өзінің ешқандай банкте шоты жоқ екенін, бар ақшаны екі жылдық дисквалификациялау кезінде жұмсап тастағанын айтты.

"Банкте шотым жоқ, мен миллионер емеспін. Бірақ кедей де емеспін - айлығым жаман емес. Шамамен 2000 доллар шамасында аламын.
Шығындарымды барынша қысқарттым - қазір дайындықта жүрмін, сондықтан көп нәрсенің қажеті де жоқ. Мен Милананың мектебіне, отбасыма көбірек ақша жаратамын", - деді Илья.

Спортшы Пекин мен Лондонда берілген қаражат екі есе көбейтіліп айтылған дейді. Шын мәнінде соның жартысы ғана қолына тиіпті.

Осыған қарамастан, спортшының тапқан табысы бірнеше үй, пәтер мен көлік алуға жеткен көрінеді.

Қазір ол өткеніне есеп бере келе, 30 жасында көңіл толарлықтай іс атқардым деп санайды. Илья ең алдымен ата-анасына Қызылордадан үй сыйлап, екінші үйді Астанадан алған.

"Оған қоса Астанадан пәтер алдым - көшіп келсем бе деген ой болды. Бірақ оны Милана мен Наташаға қалдырдым. Қазір Астанада ата-анаммен бірге тұрамын, жақында бөлек шықсам деген жоспарым бар", - деп ақтарылды спортшы.

Ильиннің Пекин олимпиадасы үшін берілген тағы бір "қосымша" сыйлығы бар. Ол - бас қаладағы пәтер екен. Спортшы сонда көшіп баруды да ойластырып отыр. Бірақ әзірге ол үй мемлекет қорында болғандықтан, "тағы екі жыл қызмет ете тұру керек" дейді.

"Пәтерді береді де, жұмыс істе дейді. Мен өз пәтерімді бірер жылда ақтап алармын деп ойлаймын. Қазіргі табысымнан да көбірек ақша тапқым келеді. Болашақта барлық мақсат орындалатынына сенімдімін", - деп сөзін қорытындылады Ильин.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
12
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel