RU
Көшеде қара мысықтан қашқан ырымшыл әйелдің көлігі жанып кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көшеде қара мысықтан қашқан ырымшыл әйелдің көлігі жанып кетті

Рассказать Вконтакте

Италиядағы Риети провинциясының тұрғыны қара мысықтан қашамын деп жол-көлік апатына түсті. Монах әйел ырымға өте қатты сенген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: ekstrasens.stb.ua

Көрнекі фото: ekstrasens.stb.ua

Куәгерлердің айтуынша, әйел көлікті айдап келе жатып, қара мысықты көре сала, бірден Виа дельи Эльчи көшесіне қарай рөлін бұрып жібереді. Онда иесіз тұрған көлікке соқтығысып, тұрғын үйдің қақпасына барып тіреледі. Нәтижесінде көлік жанып кеткен.

"Италия по-русски" порталы мәлім еткендей, жергілікті тұрғындар монах әйелге алғашқы көмекті көрсеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем келіп жеткенде ол өзінің ырымға тым қатты сенетінін, сол үшін мысықтың жолын кескенін қаламағанын айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel