RU
Тәуекел Мүсілімнің жүрегін жаулаған қыздың той бизнеске қандай қатысы бар?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілімнің жүрегін жаулаған қыздың той бизнеске қандай қатысы бар?

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнестің ең сымбатты сері жігітінің жүрегін жаулай алған ару туралы ақпарат бүгінде мүлде аз. Көпшілік Тәуекел Мүсілімді өзіне қарата алған бойжеткеннің аты Мөлдір екенін ғана біледі. Осы орайда, NUR.KZ өз оқырмандарымен отандық актердің қалындығы атанғалы жатқан қыз туралы тың ақпаратпен бөліспек.

Мөлдір есімді бойжеткеннің жасы 18-де. Оның сүйіктісімен арадағы жас айырмашылығын 11 жасты құрайды. Алайда , бұл жайт ғашықтардың көңіл қосып, бір-бірімен түсінісуіне кедергі келтірмеген.

Тәуекелді өзіне ғашық еткен ару отандық сән саласында қызмет етеді. Ол түрлі дизайнерлік көрсетелімдерге қатысып, көптеген фотосессияларға тапсырыс алады. Қазақстандық сән басылымдарынан да Мөлдірді көруге болады.

Сән саласында қызмет еткенімен ол өте тұйық адам тәрізді. Оған үнемі жабық тұратын арудың жеке парақшасы дәлел болмақ. Әдетте, модельдердің барлығы танымалдылыққа ие болу үшін өз әлеуметтік желілерін қолданып жатса, Мөлдір өз өмірін жасырын ұстағанды жөн санайтын көрінеді.

Мөлдір Альбина Шардаровамен өте жақсы құрбы. Екі арудың достығына олардың жұлдызды сүйіктілері себеп болса керек.

Оған қоса, келер жылы Мүсілімнің қалындығы атанғалы жатқан арудың той бизнесте де жұмыс істейтіні анықталды. Ғашықтардың белсенді жанкүйерлері Мөлдірдің той кезіндегі суреттерін тауып алған. Онда арудың қыз ұзатуларда қалындықты жетектеп шығатын бойжеткен ретінде тұрғанын аңғаруға болады.

Аталмыш фотолар Тәуекел мен Мөлдірдің фанпарақшаларының бірінде жарияланып, артынан басқаларға тарап кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel