RU
Ұлттық қордың "шығыны" туралы мәліметке Ұлттық банк пікір білдірді
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Ұлттық қордың "шығыны" туралы мәліметке Ұлттық банк пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

БАҚ беттерінде Қазақстанның ұлттық қоры 785 миллиард теңге инвестициялық шығынға ұшырады деген ақпарат тараған деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі. Осыған орай, қаржылық қадағалау ұйымы халыққа түсініктеме беруді ұйғарды деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: hyser.com.ua

Көрнекі фото: hyser.com.ua

Баспасөз релизінде 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісі 400,9 миллиард теңгеге жеткені жазылған.

Белгілі болғандай, 785 миллиард теңге Ұлттық қордың нақты шығыны болып табылмайды. Бұл сандар 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бағамдық өзгешеліктерді қоса алғандағы инвестиициялық көрсеткіш екен.

Айта кету керек, 2018 жылдың 31 наурызындағы басқарманың шығын бойынша нәижелері (-)785 миллиард теңге - нақтылы 67 миллиард теңге табыс пен сол уақыттағы теңгенің долларға шаққанда құнының күшеюіне байланысты қайта есептеуде шыққан (–) 852 млрд теңгенің теріс айырмашылығы болып шықты.

Ал 2018 жылдың 31 наурызында және 2017 жылдың 31 желтоқсанында АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 318.31 теңге және 332.33 теңге болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel