RU
"Астанаға ақша керек": Бейбіт Әлібеков жаңа әкімге қатысты пікір білдірді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Астанаға ақша керек": Бейбіт Әлібеков жаңа әкімге қатысты пікір білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әкімдерге ерекше сұрақтар қойып танымалдылыққа ие болған блогер Ерғазы Әзімханұлы енді жаңадан тағайындалған Астана басшысы туралы пікір жинауда. Алғашқылардың бірі болып блогердің сауалына Бейбіт Әлібеков жауап берген. Ол бұрынғы Қаржы министрінің жаңа қызметке келуіне қуанышты екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Қазақстан жастарының конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысына Бейбіт Әлібеков жаңа Астана әкімі туралы өз пікірін білдірді.

Блогердің сауалына жауап беру барысында ол "елордаға көп ақша керек" деп айтып, бұл қызметке Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы келгеніне риза екенін жеткізді.

Оған қоса Әлібеков еліміздің ірі мегаполисі Алматы қаласының әкімі не себепті Ерғазының желідегі челленджіне жауап бермегенін түсіндірді.

Айта кетейік, жас блогер бұған дейін Астана және Шымкент қала әкімдерінен өздері басқаратын шаһарды сипаттап беруді сұраған болатын.

Әсет Исекешев пен Ғабидолла Әбірахымов өз кезектерінде оның сұрағына сәтті жауап беріп, желіде қызу талқыға түскен.

Алайда, блогердің желіде асқан қызығушылық тудырған бұл сауалына Алматы қаласының басшысы ақыры жауап бермеді

Бейбіт Әлібеков болса Бауыржан Байбектің мұндай сұрақтарға жауап беруге мүлде уақыты жоқ екенін алға тартып, оның жұмысы басынан асатынын мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel