RU
Өзбекстандық азамат өз әйелін АХАЖ алдында пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстандық азамат өз әйелін АХАЖ алдында пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда 26 жастағы азамат өз әйелін АХАЖ ғимаратының алдында пышақтап өлтірген. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: 64.rodina.news

Көрнекі фото: 64.rodina.news

Оқиға 5 қыркүйек күні Ферғана облысының Даңғары ауданында болған.

"Жұбайын өлтірген азамат "Оқжар" ауылының тұрғыны. Дәл сол күні ол әйелімен ажырасу үшін АХАЖ ғимаратына келген. Кездесу барысында олардың арасында дау туып, күйеуі әйеліне бірнеше рет пышақ ұрып, қашып кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң ол полиция бөлімшесіне өзі келіп, кінәсін мойындаған екен", - деді Даңғара ауданының тұрғыны.

Даңғара ауданы құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, азамат қазір Қоқан қаласы ішкі істер бөлімінің тергеу изоляторында отыр.

"Қылмыскер 1992 жылы туған азамат болып шықты. Оның жұбайы 1993 жылғы азаматша еді. Бес ай бұрын ерлі-зайыптылардың арасында дау туып, әйелі ата-анасына кетіп қалған. Ал дәл 5 қыркүйек күін олар ажырасу үшін АХАЖ ғимаратына келген", - деп хабарлады Ішкі істер бөлімінің қызметкері.

Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel