RU
Алты жасар қазақ баласы жолаушылары бар көлікті сүйреп, рекорд орнатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алты жасар қазақ баласы жолаушылары бар көлікті сүйреп, рекорд орнатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Алты жастағы Астана тұрғыны Бекмансұр ішінде көлігі бар жеңіл көлікті сүйреп, рекорда орнатқан. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Amir Makhmet өзінің желідегі парақшасында айтты деп жазады NUR.KZ.

Алты жасар қазақ баласы жолаушылары бар көлікті сүйреп, рекорд орнатты (видео)

Коллаж: NUR.KZ

Желі қолданушысы парақшасына аталған жайттың видеосын жүктеп, бұғанасы қатпаған баланың ерлігіне таң қалды.

"Бүгін «Денсаулық күніне» орай біздің ауылда, қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған жерінде 6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метр қашықтыққа тартып, рекорд орнатты.

Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Ол мені өзінің ағасындай көріп, үнемі жақын тартып жүреді. Мен мұны мақтан тұтамын.

Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе! Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан атамыздай балуан бол! Аллам өзіңді қолдасын!", - деп жазды ол.

Баланың бойындағы алапат күшті көрген оқырмандар оның амандығын тілеп, болашақта хас батыр болатынына күмін келтірмеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel