RU
Қостанайда автобус әйел мен оның бес жасар баласын қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда автобус әйел мен оның бес жасар баласын қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанайда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан ана мен баланы қағып кетті деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kstnews.kz

Көрнекі фото: kstnews.kz

Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні теңертең қазақ-түрік лицейіне жақын орналасқан Қобыланды батыр даңғылында болған.

101 маршрутты автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан анасы мен бес жасар баланы қағып кеткен.

"Баланың жасы бесте. Ол біздің ауруханаға жан сақтау бөліміне түсті. Екі күннен соң оны травматологиялық бөлімге ауыстырдық. Қазір бүлдіршін анасымен бірге жатыр. Ол ауыр бас-сүйек зақымы мен бас ми жарақатын алған", - деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Игорь Белобржицкий.

Жол-көлік оқиғасына байланысты "Жол ережесін бұзу" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel