RU
Хабибке ашулы жұрт Макгрегорден жекпе-жекке орыс әртісінің әнімен шығуын өтінуде
Жаңалықтар Спорт

Хабибке ашулы жұрт Макгрегорден жекпе-жекке орыс әртісінің әнімен шығуын өтінуде

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Хабиб Нұрмағамедов пен Тиматидің қақтығысы аяқталар емес. Ресейлік жұлдыздардың ерегесіне енді жанкүйерлер де белсенді түрде араласып жатыр. Егор Кридтің концертін болдыртпауға шақырған Хабибке ашулы жұрт Конор Макгрегорге өз өтінішін білдіруде деп жазады NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Getty Images

Фото: РИА Новости/Getty Images

Танымал ресейлік әншінің концертіне қарсы шыққан ережесіз жекпе-жек спортшысы дүйім Ресей жұртын ашуландырды. Хабиб Нұрмағамедовтың әрекетіне шүйліккен көпшілік оның қарсыласы Конор Макгрегорға өз өтініштерін білдіруде.

Олар ирландиялық спортшыға Нұрмағамедовке қарсы жекпе-жекке арнайы Егор Кридтің әнімен шыққанын сұрап жатыр.

Хабибке қарсы халықтың барлығы Конордың Instagram парақшасын жаулап, оған өз өтінішін жарыса жаудыруда.

Айта кетейік, Егор Кридтің концертіне қарсы жұртты көтерген Нұрмағамедовке әншінің продюсері Тиматидің өзі жауап берген. Алайда, рессейлік жұлдыздардың өзара келіспеушілігі өз шешімін таппай, әлі де жалғасуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel