RU
Шымкентте дәмханадан тамақтанған қыз жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте дәмханадан тамақтанған қыз жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте дәмханадан тамақтанған қыз жұқпалы аурулар ауруханасында жатып көз жұмды. Бұл туралы оның анасы Әмина Өтегенова өзінің Facebook парақшасында жазған деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Otyrar.kz

Көрнекі фото: Otyrar.kz

"Сәлеметсіздер ме! Мен Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы туралы айтпақшымын. Менің есімім Әмина Өтегенова, мен - марқұм болған Гүлзаданың анасымын. Біз сенбі күні дәмханада сүт және банан коктейлін ішіп, пиде жеген болатынбыз.

Бұл 8 қыркүйек күні еді. Ертеңіне, жексенбі күні таңғы 6.30-дан бастап тоқтаусыз құса бастадық. Жедел жәрдем шақырып едік, ол 10:00-де келді. Мені ересектер бөліміне жатқызды. Қызымды балалар бөліміне жатқызайық деген. Бірақ анам ауруханаға алып барудың қажеті жоқ деді. Сағат 14:30-да қайтадан жедел жәрдем шақырдық. Олар ағзаның қатты сусыздануы байқалмайды деп, үйде қалдырып кетті. 16:30-да жұқпалы аурулар ауруханасына өзіміз алып бардық. Олар рәсімдеп, тамызғыш дәрі қоямыз дегенше 19:30 болды.

Таңғы 7:00-де қыздың дене қызуы бірден 35,8-ге түсіп кетті. Осыған дейін тек құсып жатқан. Дене қызуы немесе іш өтуі болмаған. Бірден реаниматолог дәрігер келіп, тағы бір тамызғыш дәрі салды. Кешкі 19:00-де дене қызуы тағы түсіп, аяқ-қолы жансызданып қалған. Кезекші дәрігер оған ыстық шай беріп, денесіне жылытқы басу керек деген. Бірақ қызымның тыныс алуы қиындап кетті. Сосын оны жансақтау бөліміне ауыстырды. Одан кейін бүйрегі мен жүрегі тоқтап, жүрегіне қайта тірілту жасаған. Алайда оны екінші рет жасағанда жүрегі шыдамапты", - деп жазған Әмина.

Дәрігерлер әйелдің өзін құтқарғанымен, кішкентай Гүлзаданы аман алып қала алмапты.

"Мен ересек болған соң мені құтқарды, ол үшін рахмет. Ал баламды құтқара алмады. Ағзасында вирустан уыт тез тарап кеткен деді. Бірақ бұл қалай болды? Оның кішкентай жүрегі тамызғыш дәрілердің мөлшерін көтере алмағаны ма?

Тұжырымдамада қызымның бас миы іскен, септикалық шок және сепсис деп жазыпты. Олар сепсисті, қанның зақымдануын қайдан шығарды? Олардың қан талдамасы дайын болып үлгерген бе? Мен өзім жатқан бөлімнен сағат 22:20-да хабарластым. Мені қан талдамасын алдық деп алдады. Айтуларынша, 22:40-та ол қайтыс болыпты. Ал маған тек 00:15-те хабарлаған.

Гүлзаданың денесін сағат 3:00-де берді. Оны алу үшін ешқандай шағымым жоқ деп жазып бердім. Денесін тілгілеуге бергім келмеді. Себебі, нәтижесі шынайы болатынына сенбедім. Мінекей, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес емнің қорытындысы осылай болды", - дейді марқұмның анасы.

Айта кетейік, пікір қалдырушылар арасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасын да белгілеп қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
20
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel