RU
Астанада үй беремін деп халықтан миллиондаған ақша алған алаяқ әлі күнге дейін бостандықта жүр
Жаңалықтар Қоғам

Астанада үй беремін деп халықтан миллиондаған ақша алған алаяқ әлі күнге дейін бостандықта жүр

Рассказать Вконтакте

Астанада үй беремін деп, көпшіліктен миллиондап ақша алып, алдап соққан алаяқтар әлі күнге дейін бостандықта жүр. Үй аламын деп, тақырға отырған тұрғындар алаяқтар тым құрыса ақшамызды қайтарса екен дейді. Алданған астаналықтардың жанайқайын NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Көрнекі фото: Мой город

Көрнекі фото: Мой город

Астаналық Алтынай (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді тұрғынның айтуынша былтыр пәтерді жалға алып тұрып жатқан мектеп мұғалімінің бірі оған төмен бағамен, үй алуға болатынын мәлімдеген. Арзан бағаға баспана алмақ болған ару ойланбастан оқытушыға 1,5 миллион теңге ұстатқан. Алайда пәтерді сол күйі ала алмаған екен. Бойжеткен енді тым құрыса ақшамды қайтарып берсе екен дейді.

"Пәтерді бірге жалдап тұрған мұғалімдердің бірі былтыр арзан бағамен үй берілетінін айтты. Тіпті, мектепте бірнеше адам ақшасын беріп қойғанын мәлімдеді. Мен де соларға қосылып, барлығы заңды деп ойлап, 1,5 миллион теңге ақша бердім. Қолымда 500 мың теңгедей ақша болған, үстінен тағы 1 миллион теңгені несиеге алдым.

Сөйтіп қараша айында алатын пәтеріміз желтоқсанда берілетін болды, сосын тағы кейінге шегерілді. Аяғы не пәтерсіз не ақшасыз қалдық. Мен сияқты қаншама алданған адам бар. Қазір менен ақша алған мұғалім мектептен шығып кетті. Ал бізді алдаған алаяқ болса, соттың шешімен маған ақшамды қайтаруы керек болған. Бірақ, неше ай болды әлі күнге дейін ақшаны қайтарып бермеді. Телефондарына хабарлассақ, сөндірулі тұр",-дейді алданған тұрғын.

Сонымен бірге алаяқтың 6 баласы бар екен. Жәбірленушінің айтуынша, ол бүгінде әлі күнге дейін бостандықта жүрген көрінеді.

"Сот шешімі маусым айында шыққан. Содан кейін бір айдың ішінде ол маған ақшамды қайтаруы кеерк болған. Мен сияқты алданған адамдар қаншама. Қазір үйдің де ештеңенің керегі жоқ, тек ақшамды қайтарса болды. Басқа алданған адамдар үйіне дейін барған дейді. Бізден ұрлаған ақшаға қымбат көлік сатып алып, мініп жүр екен. Қайда барып, қалай ақшамды қайтарарымды білмеймін",-деп жылап жіберді тұрғын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel