RU
Маңғыстау облысында "Денсаулық" медициналық пойызы тегін қызмет көрсете бастады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Маңғыстау облысында "Денсаулық" медициналық пойызы тегін қызмет көрсете бастады

Рассказать Вконтакте

Үш ай бойы еліміздің шалғайдағы теміржол бекеттеріне тоқтап, елді-мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына келді. Аталған пойыз қыркүйектің 5 мен 25 аралығында Маңғыстау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.(елді-мекендер кестесі төменде) Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты дәрігерлер бар.

Маңғыстауға медициналық пойыз келді

Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

2018 жылы «Денсаулық» пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары бойынша, барлығы 71 бекетке тоқтайды. «Саламатты Қазақстан» пойызымен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғайдағы 57 станцияның тұрғындарын қамту жоспарланып отыр.

Станциялардың тұрғындары жоғары білікті медициналық көмек, соның ішінде шағын хирургиялық операциялар, сондай-ақ жоғары сапалы стоматологиялық көмек ала алады.

Маңғыстауға медициналық пойыз келді

Естеріңізге сала кетсек, «Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде консультациялық-диагностикалық пойыздардан еліміздің барлық облыстарынан 1326 станция тұрғындары тексеруден өтті. Мамандар 379 000 қазақстандықты тексерістен өткізді, оның 83 806 балалар. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны шамамен 2,5 млн құрады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметті жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық министрлігімен, сонымен қатар, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар» Корпоративтік қорымен жүзеге асырылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel