RU
Орамалға қатысты мәлімдеме жасаған "Өнер қырандарының" актері елден кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Орамалға қатысты мәлімдеме жасаған "Өнер қырандарының" актері елден кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Түркістан облысындағы орамал дауына қатысты пікір білдіріп, оқушылардың орамалын шешкендерге тіл тигізген "Өнер қырандарының" актері көпшіліктен кешірім сұрап тынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мельс Наурызбеков өзінің қателігін түсінгенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшасныда жазба қалдырған.

"Осы желіде орамал жайлы салған пост біраз талқыға түскен. "Фирдоуси" мектебінде болған оқиғаны көріп, артық эмоцияға бой алдырып қойған екенмін. Оны кейіннен өзім де байқадым. Адамның дәрежесін түсіретін сөздер айтқан екенмін. Негізі біреу жайлы олай айтуға еш болмайды ғой. Содан ақылшы ағаларымның ақылын тыңдап көрсем, қателіктерім болған екен. Орамал бұл дін мәселесі. "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын демекші. Мен өнер адамы болғандыктан, өнер саласы тақырыбындағы мәселерге ой қосқаным абзал. Ал саясат, дін тақырыптарын өз мамандарыны ашып айтқаны дұрыс" деді. Әйтпесе кім көрінген ол салаға қол сұға берсе, ол саланың абыройын арзандатары хақ.

Ал орамалға байланысты бас мүфтидің баяндамасы шығып қойған екен. Орта жолда менің кірісіп кеткенім шынымен артықтау болған сияқты. Сондықтан әркім өз саласында профиссионал болып, сол салаға қатысты пікірталасты ғана білек сыбана кіріссе, еліміз дамып, көркейеміз деп ойлаймын. Біліміз жетпейтін мәселеге кіріспеген жөн. Сондықтан сөйлесек жақсы нәрсе сөйлейік, немесе үндемейік. Бұл сүннет", - деп сөзін аяқтады актер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
0
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel