RU
Алматы облысында қарт кісі өзінің туған ұлын өлтіріп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында қарт кісі өзінің туған ұлын өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауылында қарт кісі өзінің туған ұлын өлтіріп тастады. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: rjs.ru

Көрнекі фото: rjs.ru

11 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек ауылындағы жекеменшік үйдің маңынан арқасына пышақ ұрылған 42 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

"Қылмыстық іске қатысты 63 жастағы азамат ұсталды. Ол марқұмның әкесі болып шыққан. Ішімдік ішіп отырған кезде әкесі мен ұлының арасында дау туып, соңы төбелеске ұласқан екен. Оқиға орнынан пышақ тәркіленген", -деп хабарлады Алматы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel