RU
6 млн теңге: Алматы облысында көліктік инспекторлар парамен ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

6 млн теңге: Алматы облысында көліктік инспекторлар парамен ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысындағы көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұйымдастырған қылмыстық істің мән-жайын анықтады. Онда тоғыз адам ірі габаритті жүктерге "көз жұмып", 6 миллион теңге пайда тапқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Басшының орынбасары өзінің қылмыстық тобына төрт қоластындағы қызметкері мен көлік инспекциясының төрт қызметкерін тартқан.

«Олар жеке көліктік компанияларды Алматы облысы мен Алматы қаласындағы асфальтты жолдарда ірі габаритті жүктерді тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жүйелі түрде пара алып келген деген күдік бар.
Қылмыстық топ мүшелерінің ай сайынғы табысы шамамен 6 миллион теңгеге жуықтаған. Күдіктілер қазір уақытша қамау изоляторына жабылды", - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel