RU
Атырауда 10 минут сайын пара алған мемлекеттік кіріс басқармасындағы бөлім басшысы ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда 10 минут сайын пара алған мемлекеттік кіріс басқармасындағы бөлім басшысы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Атырауда мемлекеттік кіріс басқармасының мәжбүрлеп алу бөлімінің бастығы парамен ұсталды. Ол кәсіпкерлерден ақшаны шын мәнінде мәжбүрлеп алып, заңсыз түрде қалтасына басып отырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жедел түсірілімнен кадрлар

Жедел түсірілімнен кадрлар

«Атырауда мемлекеттік кіріс басқармасының мәжбүрлеп алу бөлімінің бастығы жүйелі түрде пара алған деген күдікке ілінді. Ол кәсіпкерлердің салықтық ережені бұзғанын жария етпей, олардың жұмысын тоқтатпағаны үшін сыйақы алып отырған", - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері.

Жемқор әйел параны әрбір 10 минут сайын алып отырған көрінеді.

6 қыркүйек күні 14:30-да кәсіпкер өзінің салықтағы берешегін жасырғаны үшін, оның жеке кәсібі мен шоттарын жауып қоймағаны үшін күдіктіге 60 мың теңгені беріп кеткен.

10 минут өткен соң, 14:40-та оған екінші кәсіпкер келіп, тура сондай қызметі үшін 10 мың теңге береді.

Айта кету керек, күдікті барлық қылмысын мойындап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel