Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Әблязовті енді Америка соты жауапқа тартатын болады

Опубликовано:

БТА банкі мен Алматы әкімдігі бірлесе отырып, қашқында жүрген Мұхтар Әблязовті америкалық соттың тергеуге алуына қол жеткізді. Енді Әблязов БТА банкінің мүлкіне қол сұққаны үшін сот алдында жауап береді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұхтар Әблязев. Фото: ft.com
Мұхтар Әблязев. Фото: ft.com: UGC

БТА банкі мен Алматы әкімдігі арнайы кеңесші арқылы "Boies Schiller Flexner LLP" атты заңгерлік фирманың екі ордеріне қол жеткізген.

Бұл хаттама арқылы Әблязов БТА банкі мен Алматы әкімдігіне құжаттарды көрсетуге және 2018 жылдың 20 қыркүйегі күні Франция мен Америка елдерінің біріндесот алдында жауап беруге міндеттеледі.

Пакер есімді сот төрағасының бірінші мәлімдемесін Әблязов ескерусіз қалдырған.

Енді сот алқасы Әблязовтың бұлай жасауына жол бермейтіндерін айтты.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов БТА банкінің бұрынғы басшысы. Ол ірі көлемде мемлекет мүлкіне қол сұққаны үшін айыпталып, 20 жылға сырттай сотталған болатын. Алайда ол әлі күнге сот алдына келмей, жасырынып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752353-mhtar-blazovti-endi-amerika-soty-zauapka-tartatyn-bolady/

pixel