RU
Сапарбаев: Жатып алып ақша табатындар көбейді
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев: Жатып алып ақша табатындар көбейді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе өңірінің зиялы қауымымен кездескен Бердібек Сапарбаев жастар тәрбиесіне бірлесе күш салуды сұрады. Әкім жеңіл ақша табуға ұмтылатын жастардың ісін сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

"Қазақ әр уақытта үлкенін тыңдаған, үлкеннің артынан жүрген. Өсіп келе жатқан ұрпағымызды тәрбиелеуіміз керек. Өкінішке орай, қазір жастардың арасында жатып алып ақша табатындар көбейіп барады. Бәрі де жеңіл жолмен жүргісі келеді. 50-60 мың теңгенің жұмысына барғысы келмейді. Жиналысқа барсаң, зорға жүрген шешесі келіп, баласында жұмыс жоқ екенін айтады. Олай болмайды. Жатып ішер болсақ біз қалай дамимыз? Жастарды еңбекке үйретуіміз керек.

Қазір жастар арасындағы ұғым басқа болып бара жатқандай. Ұраншылдық көбейіп барады. Айқай! Оның ар жағында не бар екенін ешкім ойламайды", -деді Бердібек Сапарбаев.

Әкім зиялы қауым өкілдеріне жастарды рушылдыққа бөлінбей тәрбиелеу керектігін айтты.

"Қазір тағы бір жат нәрсе белең алды. Рушылдыққа бөлінбеу керек. Біздің де құлағымыз керең, көзіміз соқыр емес. Тойға, кездесулерге барғанда руға бөлініп шыға келеді. Бәленше рудың , бөленше баласы дейді. Болмайды, бәріміз қазақпыз", - деді әкім
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel