RU
Емтиханға дайындалып жатқан қыздан қан аралас тер аға бастаған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Емтиханға дайындалып жатқан қыздан қан аралас тер аға бастаған

Рассказать Вконтакте

Вьетнамда емтиханға дайындалып жатқан қыздың денесінен ойламаған тұста қанды тер аққан. Оны аңғарған бойжеткен қатты алаңдап, әбігерге түсті. Арудың денесін жуып кеткен қанды тердің ағуына қауіпті дерт себеп болған деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: CCO/Arieth

Фото: CCO/Arieth

11 жастағы мектеп оқушысы гематидроз дертіне шалдыққан, ол адамның қатты қорыққанында немесе уайымдаған кезінде одан бетер асқынып кетеді. Адам тамырларының зақымдануы салдарынан қан мен тер араласып, қызыл түсті сұйықтық ретінде терісінен шыға бастайды.

Ауру белгілері алғаш байқалған кезде дәрігерлер қыз балаға тері инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойып, антибиотиктермен емдеген. Дәрілер көмектеспеген соң, оны қайта қарап, гематидроз диагнозы қойылған.

Дәрігердің айтуынша, бұл дерт 10 миллион адамның біреуінде ғана кездеседі.

Қанды тер неліктен шығатыны әлі толық зерттелмеген, өйткені ондай жайттар өте аз тіркеліпті. Отбасыда қыздан бөлек, тағы екі бала бар, бірақ олар мұндай дертке шалдықпаған.

Мамандар бірнеше емдеу тәсілін пайдаланып көрмекші. Әуелі қыз баланы күйзелістен арылту керек. Зерттеулер бойынша, гематидроз адам жасына еш әсер етпейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel