RU
Оралда әйелінің ата-анасын атып өлтірген қаскөй 19 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Оралда әйелінің ата-анасын атып өлтірген қаскөй 19 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Қайын жұртының ойранын шығарған оралдық Рүстем Дәулетшин енді 19 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Оралда бұрынғы әйелінің ата-анасын өлтірген қаскөй 19 жылға сотталып кетті

Қылмыскер Рүстем Дәулетшин. Скриншот: КТК

4 ай бұрын қанды қылмыс жасаған ол сабырлы қалпынан танбады. Судья үкім оқып болғанша тік тұрып, жақындарына да қарамады.

Сотталушы биыл 10 мамырда қайын жұртының үйіне келіп, алдынан шыққан ата-енесіне оқ атқан болатын. Енесі сол жерде жан тапсырса, атасы ауруханада көз жұмды. Сол күні үйде Рүстем Дәулетшиннің ұлы мен әйелі де болған.

Жұбайымен бірнеше жыл бірге тұрмаса да, заңды түрде ажыраспаған ол әйелінің әке-шешесіне қару кезенетіндей қандай жағдай болғанын осы уақытқа дейін ашып айтпаған да.

Енді осы қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырып қана қоймай, қайын жұртына 6 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel