RU
Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен ұлын аяусыз пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен ұлын аяусыз пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды. 55 жастағы азамат үйінде өзінің әйелі мен баласын пышақтап тастаған. Алған жарақатынан екеуі де ауруханаға жетпей жан тапсырды деп хабарлайды КТК арнасы.

жамбыл

Көрнекі фото: ru.sputnik-tj.com

Қайғылы жағдай Байзақ ауданы Көктал ауылында болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, отбасылық жанжал кезінде 52 жастағы кісі жары мен 29-дағы ұлына бірнеше мәрте пышақ ұрған.

Алдымен баласын мойын тұсынан орып жіберіп, кейін әйелін кескілепті. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмады.

Күдікті қазір қамауда отыр. Оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Сондай-ақ, сезіктінің, психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген күдік бар. Соған қарағанда ол жазадан құтылып кете ме деген қаңқу сөз тараған еді. 

"Жоқ, жазадан құтылмайды. Ол жөнінде қылмыстық кодекспен қылмыстық шаралар көрсетілген. Яғни медициналық мәжбүрлеу шаралары. Сол бойынша жауапқа тартылады", - дейді Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы Мақсат Ережепов.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel