RU
Полигонда жүрегіне ине қадалған қазақ сарбазының жағдайы қалай?
Жаңалықтар Қоғам

Полигонда жүрегіне ине қадалған қазақ сарбазының жағдайы қалай?

Рассказать Вконтакте

19 шілдеде полигонда құлап, бас киіміндегі ине жүрегі қадалған Самат Нұрқожаның жағдайы жақсара бастады. Сарбаздың жүрегіндегі ине 2 айдан кейін алынды. Ота жасаған дәрігерлердің өзі "жас жігіттің көрер тжарығы бар екен" деп отыр. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Полигонда жүрегіне ине қадалған қазақ сарбазының жағдайы қалай?

Скриншот: 31 арна

"Бұл - біздің тәжірибемізде болмаған, өте сирек кездесетін жағдай. Ине жүректің сол жақ қалташасында бұлшықетте тұрып қалған. Сондықтан жүректі тоқтатып қойып ота жасауға тура келді. Бәрі сәтті өтті", - дейді кардиохирург Әлімжан Елжасов.

Екі айдай уақыт жүректе тұрған ине қарайып кетіпті. Әйтеуір айналасы іріңдеп, қабынбаған.

Саматтың жүрегіне қадалғалы бері бірнеше кардиохирург «ота жасамаймыз» деп алып, бас тартыпты. Қазір оның көңілі көтеріңкі. Өйткені, аз уақыттан соң көптен көрмеген анасы мен бауырларымен қауышпақшы.

"Сол кезде қорқыныш болды «алынбайды» деген кезде. «Осылай жүремін бе» деген сияқты. Осы дәрігерлерге рахмет.  Денсаулығым жақсы болса ары қарай көре жатармыз. Әке-шешеме қараймын бірінші", - дейді сарбаз.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel