RU
Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында қорытынды мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында қорытынды мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Лас-Вегастағы қорытынды баспасөз конференциясында Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Альварес 15 қыркүйекте өтетін рематчтан не күтетіндерін айтып сұхбат берді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: commdiginews.com

Фото: commdiginews.com

Алғашқы болып сөз алған GGG алдағы жарыстың бокс әлемі үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті.

"Мен осы жерде тұрғаным үшін бақыттымын, әрі өзімді өте тамаша сезінемін", - деді қазақстандық спортшы.

Сондай-ақ Головкин өзіне қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлері мен жекпе-жек ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

Ал "Канело" екінші жекпе-жекке дайындығы туралы айтып, отбасы мен қолдаушы командасына ризашылығын білдірді.

«Көп сөйлегім келмейді, барлығын шаршы алаңда айтамын. Мен тек жеңіске жетуді қалаймын - бұл менің жұмысым. Жанкүйерлерімнің көңілі толатындай ойын көрсетіп, жеңісіммен бар Мексиканы қуантамын деген сенімдемін", - деді Альварес.

Жиын соңында қарсылас спортшылар журналистердің қойған сұрағына жауап берді. Головкин Альваресті "жақсы боксшы" деп атаса, "Канело" оны нокаутқа құлату үшін көп дайындалғанын жасырмай айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel