RU
Қайрат Әділгерейдің әйелімен сахнада билеген күйші көпті таңырқатты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Әділгерейдің әйелімен сахнада билеген күйші көпті таңырқатты (видео)

Рассказать Вконтакте

"Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі, танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман сахнада ән айтып тұрып жас дирижермен билеп кетті. Көрермендер қызық жағдайға куә болған концерт Алматы қаласында өткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Facebook желісінде белгілі журналист Мейрамбек Таубалдиев жазады.

"Айдың-күннің аманында, Алатау баурайындағы 1002 жылдық тарихы бар Алматы кешінде музыкалық "жарылыс" болды", - деген ол оркестрлер шеруі бұл жолы бұрынғыдай емес екенін алға тартты.

"Шынымды айтсам, концерттің кездейсоқ куәсі болдым. Куәсі қылған да, жіпсіз байлаған да осы бір сәт еді: әнші Бақыт Тұрман ( сатирик Қайрат Әділгерейдің зайыбы) Құрманғазы атындағы академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен "Алматының алмасы" әнін орындады.

Дирижер: дәулескер күйші, домбыра шебері Абылай Тілепбергенов. Кенет әнші мен дирижер ән ырғағына тербеліп, сахнада билей жөнелді. Елең еттік. Бәріміз.

"Әдетте, әнші мен дирижердың тапжылмай өнер көрсететініне әбден үйренген көрермен үшін, мен үшін, "шок" болатын!", - дейді Мейрамбек.

Осылайда "дирижер да билейді екен" деп қатты таңғалған ол халықтың қошеметі де сәйкесінше зор болғанын атап өтті.

"Айнала у-шу, азан-қазан! Көңіліміз көтеріліп қалды кәдімгідей.

"Браво! Қазақ өнері жасасын! Ду қол шапалақ! Енді мен оркестрдің концертінен қалмаймын!", - деп жатты қасымдағы бейтаныс жандар.

Мен де барып тұруға іштей уәде бердім. Олар әлі де таңғалдырады. Бұл басы ғана. Айтпады демеңіз...", - деп жазады Таубалдиев.

Айта кетерлігі, әнші Бақыт Тұрманмен сахнада билеген Абылай Тілепбергенов - Қазақстан Тұңғыш президенті қорының лауреаты, "Серпер" жастар сыйлығының иегері екен.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижеры боп қызмет атқаратын танымал күйші халықаралық, республикалық байқаулардан талай Гран-при иегері атаныпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
5
33
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel