RU
Мемлекеттік органдағы "халық көмекшілері" қанша табыс табады?
Жаңалықтар Қоғам

Мемлекеттік органдағы "халық көмекшілері" қанша табыс табады?

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі мемлекеттік органдарда "делдалдық қызмет" көрсететіндер шамамен 100 мың теңге шамасында табыс табады. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: фото ic24.kz

Көрнекі фото: фото ic24.kz

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың басшысы Төлеген Байғұловтың айтуынша, қазіргі кезде парақорлық әрекеттері "елшілер" мен "комиссарлар" арқылы анықталып отыр екен.

Олар мемлекеттік қызмет көрсету орындарына "жасырын сатып алушы" ретінде кіріп, заңсыз қызмет түрлерін ашық ұсынатын "делдалдарды" тапқан.

"Халық көмекшілері" әдетте жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерге, шетел азаматтарына медициналық анықтама алып беруге және тіркеуге тұруға қол ұшын созатын көрінеді.

«Комиссарлар делдалдардың қызмет ақысы 70-100 мың теңге аралығында екенін анықтады", - дейді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel