RU
Абай ауылында зорланған бала ісі: Шымкентте алғашқы сот отырысы өтті
Жаңалықтар Қоғам

Абай ауылында зорланған бала ісі: Шымкентте алғашқы сот отырысы өтті

Рассказать Вконтакте

Абай ауылында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баланың ісі қоғам арасында үлкен дау тудырған еді. Осы мәселеге қатысты 12 қыркүйек күні Шымкент қаласында алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы қоғам белсендісі Аружан Саин өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Аружан Саин іс кәмелетке толмаған балаға қатысты болғанықтан сот отырыстары жабық өтетінін мәлімдеді. Ол барлық жағдайлар әділетте түрде қарастырылатынына сенім білдірді.

"Баланың туыстарының атынан отбасы мен бүлдіршінді қолдап отырған адамдарға ерекше алғыс білдіргім келеді" ,- деп жазды қоғам белсендісі.

Естеріңізге сала кетейік, Абай ауылындағы бірінші сынып оқушысының әжесі жоғары сынып оқушылары немересіне сексуалды қорлық көрсеткенін айтқан болатын. Осыған байланысты жанұя кішігірім ауылдан көшуге мәжбүр болған.

Сот алдында төрт күдіктінің біреуі ғана жауап беретін болған. Балалардың қалған үшеуі де 14 жасқа толмаған болып шығыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel