RU
Ақтөбелік жүргізуші жанармай қоймасындағы жарылыста әріптестерін құтқарған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбелік жүргізуші жанармай қоймасындағы жарылыста әріптестерін құтқарған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласында «Sinooil» жанар-жағармай сақтау қоймасында болған жарылыс туралы сол жерде көлігі өртеніп кеткен жүргізуші айтып берді. Сөздерінше, ол лаулап жанған әріптестеріне жалғыз өзі көмектескен деп хабарлайды NUR.KZ тілші.

Ақтөбелік жүргізуші жанармай қоймасында қалай жарылыс болғанын айтты

Фото: nur.kz

"Сол күн де қарапайым жұмыс күні болатын. Әркім өз міндетін жасап жатты. Жүк көлігінің үш секциясы бар болатын. Тәртіп бойынша жүргізуші май құйылуды бақылап тұру керек. Мен операторлардың қасында бір метрдей жерде тұрдым.

Операторлар бірінші секцияны толтырып, екіншісіне май құйып жатқанда кенеттен жарылыс болды. Қайдан шыққанын байқамай қалдық. От екпінмен үшеумізді де жерге лақтырды.

Жас бала үсті өртеніп қашып бара жатыр екен. Қуып жетіп, лаулап жанып жатқан күртесін шештім. Сол кезде өзімнің де үстім жанып жатқанын көрдім. Бірден күртемді шешіп, артыма қарадым.

Оператор болып жасайтын әйел адам жерде жанып жатты. Ол кісіні қауіпсіз жерге сүйреп алып кеттім.

Басқа қатарларда май құйдырып жатқан жүргізушілер де есеңгіреп тұрып қалған екен. Мен әйел адамды сүйреп әкеліп айқайлағанда ғана көмекке келді", - дейді жарылған жүк көлігінің жүргізушісі Болат Сәрсенов.

49 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Болат Сәрсенов ауруханаға бір жақ қолы күйіп түскен.

30 жылдан аса көлік жүргізетінін айтқан ер адам аталмыш мекемеде төрт жылдан бере жасайды екен.

"Үш күннен бері ауруханада жатырмын. Бір қолымдағы күйікпен түстім. Ауруханаға уақыт өткізбей жету үшін мекеменің көлігімен келдік. Келгенше үшеуміз де сөйлеп отырдық. «Апа, шыдаңыз» дегенде «шыдаймын, жақсы» деп сөйлеп жатты. Екінші операторға «Серік, қалайсың?» дегенімде «Бәке, шыдам отырмын» деп сөйлеп отырды. Қазір менің де жағдайым жаман емес. Дене қызуым басылды", - дейді зардап шегуші.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйек күні жанар-жағармай қоймасында болған жарылыстан үш адам зардап шеккен болатын.

55 жастағы Зибагүл Түменбаева мен 38 жастағы Серікбай Палвановтың денелерінің 80-90 пайызы күйген. Олар әлі жансақтау бөлімінде өмірмен күресіп жатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel